News/KZ

Назарбаев Университеті мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
Назарбаев университеті (NU) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” (ҚР ДСМ ҚДСҰО) медициналық білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға (Меморандум) қол қойды.

Меморандумға ҚР ДСМ ҚДСҰО-ның басқарма төрағасы Смағұл Манар Асырқызы мен НУ Медицина жөніндегі вице-президенті және Медицина мектебінің деканы, профессор Массимо Пиньятелли қол қойды.

NU Медицина мектебі мен ҚР ДСМ ҚДСҰО ғылыми, білім беру, инновациялық және технологиялық әлеуетті біріктіру негізінде денсаулық сақтау саласы мамандарының үздіксіз кәсіби дамуы саласында ынтымақтасады, оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жобаларының шеңберінде студенттермен және оқытушылармен әртүрлі деңгейдегі бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерін оқу процесі мен денсаулық сақтау практикасына енгізеді.

Қосымша ақпарат bayan.abilova@nu.edu.kz арқылы алуға болады.